Enactus Early Stage League 2026 жобасын өткізу студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, жобалық ойлау қабілетін қалыптастыруға және әлеуметтік әрі бизнес-стартаптар бағытындағы студенттік бастамаларды қолдауға бағытталған. Іс-шара студенттерге әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге арналған инновациялық идеяларды ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты – студенттерді әлеуметтік және бизнес-жобаларды әзірлеуге және таныстыруға үйрету, идеядан бастап толыққанды өнімді ұсынуға дейінгі процеске қатыстыру. Қатысушылар командалық жұмыс арқылы мәселелерді талдап, шешімдер әзірлеп, оларды эксперттік қазылар алқасы алдында питч форматында қорғайды. Бұл стратегиялық ойлау, коммуникация және көшбасшылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Іс-шараның маңызды ерекшелігі – үздік командаларды іріктеп, олардың Қазақстан атынан халықаралық деңгейде қатысуына мүмкіндік беру. Бұл студенттерге жоғары жауапкершілік сезімін қалыптастырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті нәтижелерге ұмтылуға ынталандырады.
Сонымен қатар, жоба қатысушы командалардың бірегейлігін және корпоративтік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді. Атап айтқанда, брендтелген атрибутиканы, соның ішінде команда шарфтарын пайдалану, командалық бірлікті күшейтіп, олардың танымалдылығын және кәсіби бейнесін арттырады.
Enactus Early Stage League 2026 сонымен қатар ҚБТУ ішіндегі кәсіпкерлік экожүйені дамытуға ықпал етіп, студенттердің әлеуметтік әсері бар жобалар жасауына және жаһандық әлеуметтік кәсіпкерлік қауымдастығына қосылуына мүмкіндік береді. Жоба университеттің инновация, көшбасшылық және тәжірибеге бағытталған білім беру орталығы ретіндегі имиджін нығайтады.