KBTU Awards 2026 марапаттау рәсімін өткізу ҚБТУ студенттік қауымдастығының ең белсенді, талантты және бастамашыл өкілдерінің жетістіктерін мойындауға және ынталандыруға бағытталған. Іс-шара университет мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады және университет өмірінің дамуына елеулі үлес қосқан студенттерді, студенттік ұйымдарды, жобалар мен көшбасшыларды марапаттауға арналған алаң қызметін атқарады.
Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің университеттің академиялық, қоғамдық, мәдени, спорттық және волонтерлік өміріне белсенді қатысуға деген ынтасын арттыру. Марапаттау рәсімі жетістіктерді мойындау мәдениетін қалыптастырып, студенттерді өзін-өзі дамытуға және жаңа бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруға шабыттандырады.
Іс-шара аясында жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және әлеуметтік жауапкершілікті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Үздік студенттер мен ұйымдарды марапаттау олардың университет дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетіп, ұйымшыл әрі белсенді студенттік қауымдастық қалыптастыруға ықпал етеді.
Жоба сонымен қатар корпоративтік мәдениетті нығайтуда және университет қауымдастығына тиесілілік сезімін дамытуда маңызды рөл атқарады. Студенттердің, оқытушылардың, қызметкерлердің, түлектер мен қонақтардың бірлесіп қатысуы бірлік, өзара құрмет және қолдау атмосферасын қалыптастырады.
Сонымен қатар, KBTU Awards 2026 ҚБТУ имиджін талантты әрі бастамашыл жастарды қолдайтын, студенттердің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайтын және әрбір қатысушының үлесін бағалайтын заманауи университет ретінде нығайтады.