Mental Health Week - студенттердің психологиялық саулығына арналған арнайы апталық іс-шаралар сериясы. Осы апта ішінде қатысушылар дәрістерге, практикалық воркшоптарға, ашық микрофондарға және интерактивті кездесулерге қатысып, күйзелісті басқару, эмоцияларды түсіну және өзін қолдау дағдыларын дамыта алады.
Апталықтың негізгі мақсаты менталды денсаулық тақырыбын қалыпты әрі ашық қабылдауға көмектесу және қолдаудың әр адамға қолжетімді екенін көрсету. Mental Health Week студенттер үшін қауіпсіз орта құрып, пайдалы құралдар ұсынып, университеттегі психологиялық көмек ресурстарымен таныстырады.