óte fest 2026

Жобалар тізіміне оралу
Жиналғаны 0 / 461000
басталуы 19-03-2026 00:00 аяқталуы 25-04-2026 00:00

óte fest 2026 фестивалін өткізу дәстүр мен заманауилықты үйлестіретін ерекше мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Жоба студенттердің ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, жергілікті шығармашылық ортаны дамытуға және қолдауға ықпал етеді ҚБТУ.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық ойындарын мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде насихаттау. Интерактивті формат арқылы студенттер ұлттық ойындардың тарихымен, ережелерімен және мәнімен танысып, оларды өздері тәжірибе жүзінде ойнап көреді, бұл дәстүрді сақтауға және келесі ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Жобаның маңызды бағыты – жергілікті әртістерді қолдау және шығармашылық қауымдастықты дамыту. Фестиваль жас орындаушыларға, музыканттарға және шығармашылық ұжымдарға сахна ұсынып, олардың өзін-өзі көрсетуіне және дамуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, óte fest 2026 студенттерге еркін қарым-қатынас орнатуға, мәдени бастамалармен танысуға және университет ішіндегі байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін ашық орта қалыптастырады. Бұл дәстүр мен заманауи өнерді біріктіретін біртұтас қауымдастық құруға ықпал етеді.

Жоба студенттердің ұлттық бірегейлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырады. Дәстүрлі және заманауи элементтердің үйлесуі арқылы мәдени мұра жастар үшін қолжетімді әрі тартымды болады.

Сонымен қатар, óte fest 2026 ҚБТУ имиджін нығайтып, оны мәдени әртүрлілікті, жергілікті бастамаларды және шығармашылық жастарды қолдайтын заманауи университет ретінде көрсетеді.

Жобаны қолдау

Қайырымдылық сомасын таңдау:

Басқа сома:

Сәйкес төлеушілер тобын таңдау:

"студенттің идентификаторы" өрісін толтыру арқылы сіз енгізілген жеке куәліктің дұрыстығын растайсыз

Ай сайынғы төлемдерге жазылғанда Сіз KBTU Alumni мүшесі боласыз

"студенттің идентификаторы" өрісін толтыру арқылы сіз енгізілген жеке куәліктің дұрыстығын растайсыз

Ай сайынғы төлемдерге жазылғанда Сіз KBTU Alumni мүшесі боласыз

Танысуға арналған құжаттама

"Үлес қосу" түймесін басу арқылы сайттың шарттары мен тарифтерімен келісесіз

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізге сұрау қалдырыңыз, біз сізге қайта қоңырау шаламыз