KBTU Jastar City жатақханасындағы әлеуметтік тоңазытқыш
KBTU Jastar City жатақханасында әлеуметтік тоңазытқыш іске қосылды — бұл студенттерге қолдау көрсетуге және өзара көмек мәдениетін дамытуға бағытталған жоба.
Бұл не?
Әлеуметтік тоңазытқыш — кез келген адам өзге студенттерге көмек ретінде азық-түлік қалдыра алатын немесе өзіне қажет заттарды тегін ала алатын орын.
Кімге арналған?
• Қиын жағдайға тап болған және қолдауға мұқтаж студенттерге.
• Өз азық-түліктерімен бөлісіп, игі іс жасағысы келетіндерге.
Жобаның мақсаты
Әлеуметтік тоңазытқыш келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
• Қолдауды қажет ететін студенттерге көмек көрсету.
• Жатақхана тұрғындары арасында өзара көмек және мейірімділік мәдениетін қалыптастыру.
• Тамақ қалдықтарын азайту арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасау.
Қайда орналасқан?
Әлеуметтік тоңазытқыш KBTU Jastar City жатақханасының 1-ші корпусында орналасқан. Тоңазытқыш тәулік бойы қолжетімді, кез келген уақытта пайдалана аласыз.
Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мейірімділікті бірге таратайық!
Төлеуші | Сома |
---|---|
None Қор | 63120 |