Максим Табылдыұлы Алимжанов 1985 жылы 7 қазанда Атырау қаласында Табылды Алимжанов пен Қарлыға Қошаеваның отбасында тұңғыш бала болып дүниеге келді. Ол бала кезінен зерек, алғыр, еңбекқор болып өсті.
1992 жылы Куйбышев мектебіне 1-сыныпқа қабылданды.
1993–1998 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы №11 мектепте білім алды.
1998 жылы Қазақ-Түрік лицейінің емтиханын тапсырып, 2003 жылға дейін осы лицейде оқып, түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, 1998–1999 жылдары Куспан молда мешіті жанындағы медреседе діни білім алды.
1998–2003 жылдары Алматыдағы ҚБТУ-да «Мұнай бұрғылау» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2006–2010 жылдары Halliburton компаниясында менеджер көмекшісі болып жұмыс істеді.
2010–2011 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шотландиядағы Абердин университетінде «Халықаралық мұнай және газ менеджменті» мамандығын тәмамдады.
2011–2020 жылдары TCO компаниясында бұрғылау инженері қызметін атқарды.
2019 жылдың 25 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында кіші қажылыққа (умра) барып келді.
Максим Табылдыұлы – жүрегі кең, ниеті таза, айналасына қамқор, қарапайым да кішіпейіл азамат болатын. Ол отбасына тірек, достарына сенімді, бауырларына қамқор, елінің ұлы еді. Адамгершілігі мол, сабырлы, қайратты, қолынан келген көмегін аямайтын, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін жан болатын.
📚 Имендік стипендия
Марқұм Максим Табылдыұлының рухына арнап, бұған дейін екі рет имендiк стипендия жарияланған болатын.
8 дарынды студент осы стипендияны жеңіп алып, білім алу жолында қолдау тапты.
Енді, алдыңғы бастаманы жалғастыра отырып,
Максим Табылдыұлы Алимжанов атындағы стипендияны қайта жариялап отырмыз.
Бұл — оның игі жолын жалғастырып, жастарға қолдау көрсетудің бір көрінісі.